Ол мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтағанын айтты.
"Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады",- деп нақтылады Саясат Нұрбек.
Оның айтуынша, конкурстық ірiктеудiң қорытындысы 3 тамыз күні сағат 11.00-де келесі ақпарат көздерінде жарияланады.
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында;
- Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасында;
- Студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында.
"Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады. Қымбатты талапкер, үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын! Жоғары оқу орындарының қабырғасында кездескенше! ".Саясат Нұрбек
Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.
"Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін",- деді министр.
Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.
"Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттарындағы мамандықтарға түсті". Саясат Нұрбек
2024 жылғы 24 шілдеде Қазақстанда жоғары білім алуға пайызсыз несие берілуі мүмкін екендігі айтылды.