ҚР СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстың бірқатар елдеріне бармауға кеңес берді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстың бірқатар елдеріне сапарға шығуға қатысты ұсынымын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына аталған өңірдегі ахуал тұрақтанғанға дейін Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға ұсыным береді.

"Қазіргі уақытта аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса үйлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Израиль мен Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұраймыз",- делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат алу немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлері арқылы шұғыл байланысқа шыға алады:

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:

Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

Қазақстан Республикасының Ливандағы Елшілігінің байланыс нөмірлері:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда