Әзірбайжан президенті Астанаға келді

Сурет: primeminister.kz
8 тамызда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ильхам Әлиевті елорда әуежайында күтіп алды.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қатынастар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 14,3%-ға артып, $529,4 млн-ды құрады, биылғы қаңтар-маусым айларында $280,6 млн-ға жетті.

Үкіметтер мұнай-газ, көлік-логистика, цифрлық коммуникация және ғарыш өнеркәсібі салаларында бірлескен жобаларды іске асырып келеді. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде Каспий теңізінің түбімен оптикалық-талшықты байланыс желісін және терең су электр кабелін тарту жобалары бар. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық әлеуетін ашу мақсатында бірлескен тікелей инвестиция қоры құрылды.

Анықтама:

Аймақтық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге бағытталған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Соңғы бес жылда (2018-2023 жылдар) өзара сауда көлемі $5,7 млрд-тан $11 млрд-қа дейін өсті. Қазақстанның ОА елдерімен сауда-саттық көлемі өткен жылы 26,8%-ға өсіп, $8 млрд-қа жетті.

Бір күн бұрын, 7 тамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Астанаға келді. Бүгін, 8 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев келіссөздері өтіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды