Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты екенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет.

"Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет". Қасым-Жомарт Тоқаев

Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты.

Сондай-ақ, ол жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отырғанын айтты.

"Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар",- деді президент.

Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Бұл – жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе. Осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет.

"Жүргізушілерді даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені жасырын емес. Жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі батыл қадам жасауы керек. Депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс",- деп баса айтты Тоқаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы өзінің басты міндетінің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру екенін айтқан болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы - 2024

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек