"Қазақстан – Германия" бизнес форумы аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Канцлері Олаф Шольц қатысқан бизнес форум аясында қосымша бірқатар құжатқа қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Канцлері Олаф Шольц қатысқан бизнес форум аясында төмендегідей қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

  1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Германия экономикасы Шығыс комитеті арасындағы Техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Германия бастамаларының Жол картасы;
  2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Svevind Energy компаниясы арасындағы "Жасыл сутегі" жобасына байланысты зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
  3. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Siemens" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы өзара түсіністік туралы стратегиялық меморандум;
  4. "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен "Siemens Central Asia" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім;
  5. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен "SKYHANSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы Халықаралық жүк және жолаушылар әуежайының құрылысы бойынша жобаны бірлесіп іске асыру жөніндегі негізгі келісім;
  6. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "HORSCH Maschinen GmbH" арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  7. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "KfW Bankengruppe" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  8. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "CLAAS Global Sales GmbH" арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  9. "Ұлттық технологиялық болжау орталығы" РМК және ГФР Геоғылымдар мен табиғи ресурстардың федералдық институты (BGR) арасындағы ниет туралы меморандум;
  10. "Қазақстан даму банкі" АҚ мен Deutsche Bank арасындағы мандаттық хат;
  11. "Qazaq Kalium Ltd." АҚ және KfW Bankengruppe, Euler Hermes Group арасындағы "Батыс Қазақстан облысындағы "Сәтімола" кен орны базасындағы калий тұздары мен бор қышқылын өндіретін байыту-өндірістік кешенін салу» жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
  12. "Агромашхолдинг" АҚ және Amazonen-werke h. Dreyer Se & Co.Kg. арасындағы Қостанай облысында "Condor" сепкіштерін бірлесіп өндіру бойынша жобаны іске асыру жөніндегі келісім.

Сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасы делегациясының сапары шеңберінде екі елдің түрлі орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, бизнес құрылымдары арасында 23 құжатқа қол қойылды.

Германия
Қазақстан
Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты