Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында инустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы келісім ратификацияланды

Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы "Қарасу" және "Ақ-Тілек" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенін құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы "Қарасу" және "Ақ-Тілек" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Жарлықта.

Айта кетсек, Сенаттың қарауына бұл құжат 5 қыркүйекте келіп түскен болатын. Аталған құжат инфрақұрылым нысандарын салу үшін инвестиция тарту, кешенді басқару, салық салу, валюталық бақылау және өту тәртібі сияқты мәселелерді реттейді.

Мақұлданған заң Қазақстан мен Қырғызстан арасында өндіріс, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды