Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады

Сурет: akorda.kz
18 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады, делінген Ақорда хабарламасында.

Кездесуде Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.

Мұның алдында Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдаған болатын. Министр Президентке еліміздегі криминогендік ахуал жайын баяндады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды