Сербияда Тоқаевтың құрметіне "Белград мұнарасы" Қазақстан жалауының бейнесіне "енді"

Сурет: akorda.kz
18 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында Сербия астанасының символы болып табылатын 168 метрлік "Белград мұнарасы" көкке боялып, Қазақстан жалауының бейнесіне "енді", деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақордада атап өткендей, Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі серіктестерінің бірі.

"Мұндағылар президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегацияны ерекше қарсы алды. Сербия астанасының символына айналған ең әсем ғимарат - "Белград мұнарасы" көкке боялып, көп ұзамай Қазақстан туының бейнесіне айналып шыға келді", делінген хабарламада.

168 метрлік мұнара жақында – 2024 жылдың 15 қазанында ашылды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 18 қарашада Сербияға ресми сапармен барды. Белград әуежайында Мемлекет басшысын Сербия президенті Александр Вучич қарсы алды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз