Тоқаев Сербия астанасына ресми сапармен келіп жетті
Сурет: akorda.kz
18 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.
"Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды", делінген хабарламада.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтап, жеделхат жолдағаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript