Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен келіп жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев, ресми сапар, Қытай Халық Республикасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 18:40 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында ҚХР Өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құрмет қарауылы, Бейжің, Қытай, Қасым-Жомарт Тоқаев, ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 18:40

Сурет: akorda.kz

Екі күндік ресми сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады.

Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Қытай Халық Республикасы, ресми сапар, Қасым-Жомарт Тоқаев, Бейжің, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 18:40

Сурет: akorda.kz


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: