Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен келіп жетті
Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.
Сурет: Ақорда
"Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді", делінген хабарламада.
Сурет: Ақорда
Айта кетсек, Президенттің Францияға сапары алдында, 4 қарашада Le Figaro басылымында мақаласы жарық көрді.
"Біз президент Эмманюэль Макронмен бірлесіп, осы жылдың желтоқсан айында су ресурстарына қатысты барлық сын-қатерлер бойынша ынтымақтастықты күшейту мақсатында және БҰҰ-ның орнықты дамуының ең маңызды мақсатына: "барлығына таза су және санитарияға" қол жеткізу жолында One Water Summit бастамасын өткізуге қуаныштымыз. Қазақстанның тату көршілік қағидатына берік міндеттемесі "Орта дәліз" – Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын стратегиялық бағыт сынды жобалар арқылы өңіраралық интеграцияны белсенді дамытуға мүмкіндік береді", делінген Президенттің мақаласында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript