Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай туралы баяндады

Сурет: akorda.kz
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ержан Сәденовтің айтуынша, жыл басынан бері қылмыстың төмендеуі байқалады. Қылмыстық құқықбұзушылық – 5,5 мыңға, қылмыс 10 мыңға азайған.

Қоғамдық орындарда және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқықбұзушылықтар саны төмендеді. Сонымен қатар қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарды.

Министр елімізде "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру, құқықбұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" және оның алдын алу шаралары туралы хабарлады.

Жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу 40 пайызға артты, соның ішінде ұсақ бұзақылықтың алдын алу 30 пайызға, көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу 48 пайызға көбейді. Көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32 пайызға артты, олардың қатарында мас күйде рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылған азаматтар бар. Іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскер ұсталды, олардың 158-і шетелде тұтқындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру және кадр үдерістерін цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты