Мұрат Нұртілеу Қазақстандағы Қытай елшісін қабылдады

Сурет: ҚР СІМ
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұрат Нұртілеу қазақ-қытай ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалап, Қытай дипломатының екі ел арасындағы мызғымас достық пен өзара қолдауы бар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Өз кезегінде ҚХР Елшісі өзінің Қазақстандағы миссиясы барысында үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, еліміздегі жұмысы ол үшін үлкен жауапкершілік пен құрмет болғанын білдірді.

Тараптар саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын белгілеп, жүргізіліп жатқан мәдени-гуманитарлық іс-шараларды екі халықтың арасындағы достықтың берік көпірі деп атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдаған болатын.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды