Қырғызстан премьер-министрі қызметінен кетті

Сурет: gov.kg
Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg сайтының хабарлауынша, Жапаров арызды өз еркімен жазған

"Ақылбек Жапаров 2021 жылдың 1 маусымы мен 12 қазаны аралығында Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары болды. Ол бұл қызметті Экономика және қаржы министрлігін басқарумен біріктірді. 2021 жылдың 13 қазанынан бастап Министрлер кабинетінің төрағасы болды және министрлер кабинетін басқарды. Президент әкімшілігінде де басшылық етті", — деп нақтылады журналистер.

Бір ай бұрын парламентте министрлер кабинетінің есебін ұсынғаннан кейін Жапаров отставкаға кету мәселесі Құдайдың қалауы және президенттің шешімі екенін атап өтті.

Министрлер кабинетінің келесі басшысы кім болатыны әзірге белгісіз. Бұл міндет уақытша Адылбек Қасымалиевке жүктеледі. 64 жастағы Қасымалиев 2022 жылдан бері Министрлер кабинеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Әр жылдары Қаржы министрлігінің басшысы, Экономика министрлігі басшысының орынбасары болды.

Бұған дейін Қырғызстанда Орталық Азиядағы ең ірі сауда орталығы ашылатыны хабарланған болатын.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды