Тоқаев: Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек

Сурет: Ақорда
2025 жылы 8 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсенің қызметімен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді.

Жоғары билік органы жанындағы мұндай құрылымдар әлемнің бірқатар елінде бар. Мәселен, Ұлыбританияда Премьер-министрдің жобалық кеңсесі (Prime Minister`s Delivery Unit), Малайзияда PEMANDU, Біріккен Араб Әмірліктерінде Акселерация кеңсесі қызмет көрсетеді.

Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады.

Президентке фискалдық орнықтылықты арттыруға арналған платформалық шешімдер енгізу, Маңғыстау облысын өркендету, адами капиталды қалыптастыру және дамыту секілді стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Бұдан бөлек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік-логистика, денсаулық сақтау, білім беру және ағарту ісі, энергетика, су, өнеркәсіп және құрылыс, цифрлық, инновациялық әрі өңірлік даму секілді бағыттармен шұғылданатын ведомствоаралық командаларды жасақтады. Бұл нақты саладағы белгілі бір міндетке баса назар аударып, анағұрлым жылдам әрі сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сурет: Ақорда

Жобалармен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай жетістікке жету үшін Үкімет мүшелері батыл шешім қабылдауы керек екенін атап өтті

"Алдымызда тұрған мақсаттар өте маңызды. Ең бастысы, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын мұқият бақылауда ұстау қажет. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – реформалардың тиімділігін арттыру. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды осы жұмысты қадағалайды. Министрлер де, әкімдер де батыл шешім қабылдауға дайын болуға тиіс. Мен осыған дейін Үкіметтің алдына нақты міндет қойдым. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер бойынша барынша дербес шешім қабылдануға тиіс. Нақты нәтижелерді талап етемін", – деді Мемлекет басшысы.

Президент министрлер мен басшыларды бірқатар міндеттерді назарда ұстауға шақырды.

"Біз қазір ірі инфрақұрылымдық жобаларға, цифрландыруға, жасанды интеллект пен ядролық энергетикаға баса мән беріп жатырмыз. Себебі мұның бәрі – мемлекетіміздің негізгі стратегиялық даму бағыттары. Үкімет осы маңызды мәселелерді жұмыс барысында міндетті түрде ескеруге тиіс", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту перспективасына да тоқталды.


"Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы 2025 жылы 3 желтоқсанда Ана тілі газетіне сұқбат берді.

Астана
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды