Трамп саясатына қарсы наразылық күшейіп келеді

Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ-та Трамп саясатына қарсы наразылық күшейіп келеді. Арада бір ай өтпей жатып тағы да бүкіл елді қамтыған наразылық шаралары өтті.

Барлық штатта халық көшеге шыққан. Ел бойынша ұзын саны мыңнан аса митинг ұйымдастырылып, оған 3 миллионнан аса адам қатысқан.

Вашингтондағы ең ірі акция "Вашингтон" ескерткіші маңында болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Америкалықтар әлеуметтік бағдарламалардың қысқаруына, байларға салынатын салықтардың азаюына, сондай-ақ, иммигранттардың қудалануына қарсы.

Наразылық білдірушілер Трампқа импичмент жариялауды және Масктың отставкаға кетуін, Канада және Еуропамен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруді талап етті.

Бұл наразылықтар Трамптың екінші инаугурациясынан кейінгі АҚШ тарихындағы ең ауқымдысы болып отыр.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды