Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенді қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының аясында Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен, Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукспен, сондай-ақ EDF, SUEZ және Sanofi компанияларының жетекшілерімен кездесті.

Президент Франция Қазақстанның Еуропа Одағы елдері арасындағы негізгі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары екіжақты сауда көлемі және елімізге келетін француз инвестициясы ұдайы артып келеді. Бұл экономикалық байланыстарды нығайтуға тараптардың ортақ ұмтылысын байқатады. Мемлекет басшысы осындай оң динамиканы сақтау қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 17 келісімге қол қойылған қазақ-француз бизнес-форумының нәтижесін жоғары бағалап, уағдаластықтарды уақтылы орындаудың маңызына назар аударды.

Әңгімелесу барысында энергетика, атом өнеркәсібі, денсаулық сақтау, фармацевтика, су ресурстарын басқару және басқа да салаларда өзара ықпалдастықты дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдалана отырып, Франция Президенті Эмманюэль Макронға ыстық ықыласын жолдады.

Лоран Сен-Мартен Астанаға 40-тан астам француз компаниясының жетекшілері келгенін, әртүрлі саланы қамтитын ұжымдар елімізбен іскерлік байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді.

 Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Франция арасындағы сауда айналымының көлемі 5,5 миллиард долларға жетті. Бұл тауар айналымының 31 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. 2005 жылдан 2024 жылға дейін Францияның елімізге құйған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард долларды құрады.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды