Роберт Фицо Ақордаға ресми сапармен келді – фоторепортаж

Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 11 маусымда Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Роберт Фицо Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке шақыруымен келді. Хаттамаға сәйкес, мәртебелі мейманды резиденцияның кіреберісінде мемлекет басшысы өзі қарсы алды.

Сурет: akorda.kz

Осыдан кейін салтанатты рәсімнің ресми бөлімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-бірін өз делегацияларының мүшелерімен таныстырды.

Сурет: akorda.kz

Құрмет қарауыл ротасының бастығы президенттерге құттықтау рапортын беріп, одан кейін екі елдің әнұрандары шырқалды.

Сурет: akorda.kz

Рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо келіссөздер өтетін бөлмеге бет алды.

Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия үкіметінің басшысы Қазақстан-Словакия әріптестігін кеңейту перспективаларын талқылайды деп күтілуде.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз