Иран халқы Қазақстанға босып келуі мүмкін бе - СІМ жауабы

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2025 жылғы 23 маусымда ведомствода өткен брифинг барысында "Қазақстанға Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты босқындар ағыны күтіледі ме" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикердің айтуынша, ел шекарасы маңында қандай да бір жағдай болып жатса, ондайда Қазақстан көмек көрсетуге дайын.

"Бізде біреулердің бір жаққа бас ауа көшкені немесе қашқаны туралы нақты деректер жоқ. Өтініштер (босқындардан – шамамен - ред.) біздің елге келіп түскен жоқ. Ертең не болатынын, тіпті бір сағаттан кейінгісін де қазір ешкім болжай алмайды. Біздің құзырымызда - жағдайды бақылау және соған қарай әрекет ету ғана қалып отыр", - деп түсіндірді ол.

Босқындар атынан террористердің елімізге ықтимал енуі қаупіне қатысты сұраққа жауап бере отырып, СІМ ресми өкілі мұнымен Ішкі істер министрлігі айналысатынын нақтылады.

Сондай-ақ Смадияров әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі Сауд Арабиясы билігі Газа секторының тұрғындарын Қазақстанға көшіру туралы шешім қабылдағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл - ашықтан ашық, бетсіз фейк. Ол шындыққа жанаспайды", - деді Айбек Смадияров.

2025 жылдың 13 маусымында таңертең Израиль "Арыстан ұлты" операциясы аясында Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымдарына соққы берді. Кейінірек Иран Израиль астанасына соққы жасады. 22 маусымда ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуал бойынша ресми мәлімдеме жариялады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды