Мемлекет басшысы: Екінші, тіпті үшінші АЭС құрылысының жоспарын қазірден бастауымыз қажет

Фото: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа дәстүрлі Жолдауында Қазақстанда екінші және үшінші атом электр станциясын салу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысын "Росатоммен" бірлесіп жүзеге асыру – экономиканың тұрақты өсуі үшін жеткіліксіз.

"Екінші, тіпті үшінші атом станциясының құрылысын жоспарлауды қазірден бастауымыз қажет. Жуырда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесу барысында осы саладағы стратегиялық әріптестік жөнінде келісімге қол жеткізілді. Қазақстан энергетикалық егемендікті қамтамасыз ету мақсатына сай, барлық әлемдік компаниялармен өзара тиімді негізде ынтымақтастыққа дайын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы сапалы көмірдің мол қорын ескере отырып, көмір энергетикасын заманауи технологияларды қолдану арқылы дамытуға ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, еліміздің табиғи артықшылықтарын ел дамуының игілігіне тиімді пайдалану қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының онлайн-трансляциясын мына жерден көре аласыз.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз