Мемлекет басшысы АҚШ-тың Сауда министрімен кездесті

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Америка Құрама Штаттарымен ықпалдастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. АҚШ еліміздің негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі саналады.

Президент Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Мемлекет басшысы елімізде америкалық бизнес үшін энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы салаларында үлкен мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Говард Латник Құрама Штаттардың Қазақстанмен сауда-экономикалық, индустриалдық, көлік-логистикалық және инвестициялық салаларда бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға қызығушылық танытатынына тоқталды.

"Біздің Президентпен сөйлескеніңізге өте қуаныштымын. Ол өзіңізбен бірлесіп, көп жұмыс атқаруға ниетті екенін жеткізді". АҚШ-тың Сауда министрі Говард Латник

Ол Қазақстанмен сауда-экономикалық ықпалдастық перспективасына да жекелей тоқталды. 


"Екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайту өзара сауда байланыстарын дамытуда негізгі рөл атқарады және маңызды минералдарды игеру саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз бұл бағытта бірлесіп инвестиция құя аламыз. Локомотив секторында Wabtec компаниясын таңдағандарыңызға қуаныштымыз. Бұл – екіжақты ықпалдастықтың негізі".АҚШ-тың Сауда министрі Говард Латник

Бұған дейін Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Лютниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард долларға жуық келісімге қол қою рәсімі өткені хабарланған.

АҚШ
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы