Трамп Тоқаевты тарихтағы ірі келісімге қол жеткізуімен құттықтады

Сурет: wikimedia/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескеннен кейін теміржол жабдықтарын сатып алу бойынша жасалған мәміленің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы Truth Social-дағы парақшасында жазды. 

"Мен жаңа ғана Қазақстанның құрметті президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен әңгімелесіп болдым. Олар құны 4 млрд доллар болатын американдық локомотивтер мен теміржол жабдықтарын қамтитын тарихтағы ең ірі келісімге қол қойды. Біз көптеген жылдар бойы "жалған экологтардың" шабуылына ұшырап келген АҚШ-тағы теміржол саласын қолдауымыз керек", - деп жазды Трамп.

Сондай-ақ, АҚШ басшысы Тоқаевты осы ірі келісімге қол жеткізуімен құттықтады. 

"Бұл ел де және бүкіл әлем де сенімді және әдемі теміржолдардан тұрады. Енді олар қайта келіп жатыр, онда да тез!", деп сөзін түйіндейді Трамп.

Бұған дейін Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында Трамппен сөйлескені хабарланған болатын.

АҚШ
Қасым-Жомарт Тоқаев
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды