Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

Нью-Йорк, жұмыс сапары, Қасым-Жомарт Тоқаев, Дональд Трамп, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 20:41 Сурет: pixabay
Нью-Йорк қаласына сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Айта кетсек, Тоқаевтың АҚШ-тағы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында қашан сөз алатыны белгілі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері көшбасшылары арасында бірінші болып сөз сөйлейді. Барлығы 97 мемлекеттің басшылары сөз сөйлейді деп күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: