Тоқаев жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрін қабылдады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 26 қыркүйекте жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Мұрат Нұртілеуді сыртқы істер министрі қызметінен босатып, оны өзінің көмекшісі етіп тағайындады. Ал Мұрат Нұртілеудің орнын Ермек Көшербаев басты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды