Тоқаев WADA президенті Витольд Баньканы "Достық" орденімен марапаттады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы Қазақстан спортын дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев WADA-ның спорттағы адалдық пен әділдік қағидаттарын қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті. Президенттің айтуынша, агенттік таза спортты дамыту жолында жаһандық деңгейде үлкен үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы Қазақстан спортын дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Витольд Банька өз кезегінде көрсетілген жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның Орталық Азия өңірінде допингке қарсы саясатты дамытудағы жетекші рөлін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанынан допингке қарсы сынамалар зертханасы жұмыс істейді. Бұл – Орталық Азиядағы жалғыз аккредиттелген мекеме.

Зертхана базасында өңірлік допингке қарсы ұйым қызмет атқарады, оның құрамына Қазақстанмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Моңғолия және Ауғанстан елдері кіреді.

Кездесу соңында тараптар таза спорт қағидаттарын ілгерілету және WADA мен Қазақстан арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті нығайту жөнінде уағдаласты.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады