Тоқаев Integra Construction KZ бенефициар меншік иесін қабылдады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 21 қарашада Integra Construction KZ бенефициар меншік иесі Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және өндірістік, тұрғын үй, әлеуметтік нысандарды салу жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ президентке компанияның құрылыс пен темір жол салаларында іске асырып жатқан халықаралық бастамалары туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы ел экономикасы үшін мәні зор жобаларды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызды екенін атап өтті.

Шахмұрат Мүтәліптің айтуынша, Integra Construction KZ бірқатар әлеуметтік жобаны қолға алған. Мәселен, компания Алматы қаласындағы "Бағанашыл" балалар үйін 5 миллиард теңге жеке қаражаты есебінен қайта жөндеуді бастады.

Сонымен қатар президентке Қазақстан боксының қазіргі жай-күйі мен жетістіктері, оның ішінде ұлттық құраманың нәтижелері, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық жоспары мен келесі жылға қойылған міндеттер жайында мәлімет берілді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды