Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңыздылығына назар аударды

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау бастамасының ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің бұл маңызды қарарды қолдағанын айта келе, бейбітшілік пен келісімнің Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының негізі екенін жеткізді.

"Жекелеген қақтығыстар реттелгенімен, әлемдегі жалпы ахуал әлі де шиеленіскен күйде. Адамзат өзара сенім, толеранттылық пен орнықты даму үшін бейбітшілік пен ынтымақтың маңызын түсінуі керек. Сонымен қатар халықаралық құқық әлсіреп, көпжақты құрылымдардың, әсіресе БҰҰ-ның беделі мен тиімділігі төмендеп отыр. Стратегиялық теңгерімді қалпына келтірмей, әлемде әділ тәртіп орнату мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан БҰҰ жүйесін жан-жақты реформалауды, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді және Бас Ассамблеяның рөлін нығайтуды қолдайды", – деді Президент.

Сонымен қатар, 80-ші сессия аясында Тоқаев БҰҰ жүйесін реформалау бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін пікірлестер тобын құру идеясын көтергенін айтты.

Қазақстан
Түрікменстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді