Тоқаев еліміздегі барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
7 қаңтарда таңертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді.

"Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады. Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Сурет: Zakon.kz

"Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді. Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр үй құт-берекеге толсын!", - деді Мемлекет басшысы.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының туыстарына президент атынан Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін тапсырған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды