Президент: Павлодар облысында деректерді өңдеу орталықтарының алқабы құрылады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда өткен V Ұлттық Құрылтай отырысында Павлодар облысында деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құру жоспарланып отырғанын айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа энергетикалық қуаттарды алдын ала іске қосудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Президенттің айтуынша, Үкімет Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, Екібастұз энергетикалық алабының қуаттарына сүйене отырып, деректерді өңдеу орталықтарының алқабын салуды жоспарлап отыр.


"Бұл – жаман ұсыныс емес. Оның қалай жүзеге асатынын көрейік. Біз атом электр стансаларының құрылысы аяқталғанын күтпей-ақ, жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосуымыз қажет. Атом электр стансасын салу – ұзақ мерзімді үдеріс. Сонымен қатар деректерді өңдеу орталықтарының энергия тұтынуы металлургиялық зауыттармен шамалас екенін ескеру керек. Сондықтан энергетикалық өзін-өзі қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылуы тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен V Ұлттық Құрылтай отырысы Қызылорда қаласында өтіп жатыр.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі