Іс жүзінде жаңа Конституция қабылдайды – депутат конституциялық комиссия туралы

Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев 2026 жылғы 20 қаңтарда V Ұлттық Құрылтайдан кейін кулуарда Президенттің жаңа Парламент – Құрылтай құру жөніндегі тапсырмасына қатысты пікірін білдірді.

Журналистер бір палаталы Парламент құрылғаннан кейін Үкімет құрамы қашан және қаншалықты жаңартылатынын сұрады.

Депутаттың айтуынша, Үкіметтің де жаңаруы көзделіп отыр, алайда оның ауқымы кейін белгілі болады.

"Бұл мәселе бойынша әзірге нақты ештеңе айта алмаймын, өйткені референдумның күні әлі белгіленген жоқ. Белгілісі — 100 кәсіби маманнан тұратын Конституциялық комиссия құрылады. Оның құрамына Мәжіліс пен Сенат депутаттары, конституция саласының мамандары, заңгерлер және қоғам өкілдері енеді. Олар іс жүзінде жаңа Конституция қабылдайды", — деді Сергей Пономарев.

Ал Үкімет мүшелерінің қайсысы өз қызметін сақтап қалуы мүмкін деген сұраққа депутат нақты жауап бере алмады.

"Мұны айту өте қиын, тіпті мүмкін емес. Тіпті өзімнің немесе әріптестерімнің жаңартылған Парламент құрамына ене ме, жоқ па — оны да дөп басып айта алмаймын", — деп қосты ол.

Бұған дейін Қызылорда қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық Құрылтай басталғаны хабарланған болатын. Сол жиында жаңа бір палаталы Парламенттің атауы Құрылтай болатыны жария етілді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады