Инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет – Тоқаев

Фото: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 10 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляция мәселесіне ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет екенін, оның шарықтап кетуіне жол бермеу керек екенін айтты.

"Инфляцияның не себепті жоғары болып тұрғаны белгілі, кеселдің себебі анықталды. Енді осы мәселені шешу керек. Бірақ ұсынылатын шаралар елдің дамуына кері әсерін тигізбеуі қажет", – деді Президент.

Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке бірлесіп нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырды.

"Осы маңызды жұмысқа барлық мекеме өкілдері мен сарапшылар қатысуға тиіс. Тағы да қайталап айтамын: қолайсыз ахуалды шұғыл ретке келтіру қажет. Биылдан бастап үш жыл қатарынан инфляцияны төмендету үшін нақты шаралар қабылдау керек. Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын сапалы орындау айрықша маңызды", – деді Мемлекет басшысы.

Президент бос сөзге уақыт жоғалтудың салдарын ескертті.

"Мәселені шешудің орнына қажетсіз "жол карталарын" әзірлеу – жауапкершіліктен қашу деген сөз. Алдын ала ескерту: ондай жағдайда қатаң шара қолданылады. Халықтың табысы артса ғана, нақты нәтижеге қол жеткіздік деп санауға болады", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы инфляцияны бақылауға алу арқылы азаматтардың нақты табысын қорғау және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету Үкіметтің ең басты міндеті екенін атап өтті.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж