Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты түсініктеме берді

Сурет: Facebook/Bobek Ortalygy
Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығына қатысты түсініктеме беріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 11 ақпандағы өз мәлімдемесінде Айдос Үкібай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен азаматтардан Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығына байланысты көптеген сауалдар келіп түсіп жатқанын айтады. 

Оның айтуынша, Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатты.

"Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады".Айдос Үкібай

Сондай-ақ Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болғаны белгілі.

"Биылғы жылдың қаңтар айында жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында".Айдос Үкібай

Бұған дейін 2025 жылы 24 қазанда да Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты БАҚ-тарда жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берген болатын.

Қазақстан
Назарбаева Сара
Үкібай Айдос

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін