Қазақстанның Кениядағы елшісі Руандадағы елші қызметін қоса атқарады

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Барлыбай Садықов Қазақстанның Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжатты 2026 жылғы 25 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Ресми хабарламада:

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", – делінген.

Барлыбай Садықов 1964 жылғы 25 қыркүйекте туған. 1988 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери институтын бітірген.

Дипломатиялық қызметін 1993 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка елдері басқармасында атташе лауазымынан бастаған.

Әр жылдары СІМ-нің орталық аппаратында және Қазақстанның Италия, Швейцария, АҚШ-тағы шетелдік мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған.

2008–2012 жылдары Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, директоры болды. 2013–2015 жылдары ҚР СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарған.

2015 жылғы желтоқсанда Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары, 2016 жылғы тамызда Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2018–2019 жылдары Қазақстанның Пәкістандағы елшісі болды.

2019 жылғы шілдеден бастап Кениядағы елші және Найроби қаласындағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметтерін қоса атқарды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие. Ағылшын және урду тілдерін меңгерген.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды