Қазақстан мен Кувейттің cыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кувейт мемлекетінің сыртқы істер министрі шейх Жаррах Жабер әл-Ахмад Ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 8 наурызда ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Сұхбат барысында тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде пікір алмасты".

Ермек Көшербаев өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат нәтижесінде саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.

Бұған дейін бір тәулік ішінде Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның 1,7 мыңнан астам азаматы ұшып шыққаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз