Чехия Премьер-министрі: Қазақстанға сапар шегу менің көптен бергі арманым

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 28 сәуірде Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметінде Чехия Премьер-министрі Андрей Бабишпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Олжас Бектенов Қазақстанның Чехиямен қарым-қатынасына ерекше мән беретінін атап өтті.

"Сіздің елімізге алғашқы сапарыңыз ынтымақтастық пен іскерлік байланыстарға деген қызығушылықтың артып отырғанын көрсетеді. Біз сізбен бірге келген делегацияны\ жоғары бағалаймыз. Біраздан кейін біз бизнес-форумға қатысамыз, ол толыққанды ынтымақтастықты дамытуға және жаңа бизнес бастамаларын іске қосуға мүмкіндік береді. Ертең сіз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесесіз. Мұндай жоғары деңгейдегі кездесу екіжақты қатынастарға қосымша серпін беріп, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ұстанымды күшейтеді", – деді Олжас Бектенов.

Өз кезегінде Андрей Бабиш Қазақстанға келу оның көптен бергі арманы болғанын айтты.

"Мен әрқашан Қазақстанға келуді армандадым. Оның себебі бар: мен халықаралық сауда факультетінде оқыдым және фосфор өндірілетін аймақтарды көруді мақсат еттім. Бұған дейін басшылықтан Қазақстанға баруға сұранғам, бірақ ол кезде мүмкіндік болмады. Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым және мұнда болу мен үшін үлкен мәртебе", – деді Чехия Премьер-министрі.

Айта кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов әлемдік ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілермен кездесу өткізген болатын.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі