Елімізде Туризм индустриясы комитетінің төрағасы мен Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды

Фото: Zakon.kz
Қазақстан үкіметінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Нұрбол Байжанов ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалса, Ержан Тоқтағұлов ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай ҚР туризм және спорт министрінің бұйрығымен Нұрбол Ерланұлы Байжанов Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Сурет: primeminister.kz

Ол 1993 жылы Ұлытау облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметте 2017 жылдан бері еңбек етеді. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінде сарапшы болып бастаған. Кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінде сарапшы, бас сарапшы және басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2021–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің маркетинг және жарнама, инвестициялар тарту және ілгерілету, ішкі талдау, сондай-ақ туризм саласындағы жүйелі шараларды іске асыру басқармаларына басшылық етті.

2025 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2026 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарды.

Бұдан бөлек, ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Дәулетұлы Тоқтағұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сурет: primeminister.kz

Ол 1992 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы мемлекеттiк басқару академиясын, Халықаралық көлiктiк-гуманитарлық университетiн бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2015 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында бас маман, сарапшы болып жұмыс істеді.

2018–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы.

2019 жылы — "Қазақстан индустрияны дамыту институты" АҚ Сарапшылардың шығындарын орнына толтыру орталығының директоры.

2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті БАҚ саласындағы бақылау басқармасы басшысының м.а., басшысы.

2020–2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы – Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2021–2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы.

2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Бұған дейін мемлекет басшысының қаулысымен Арман Исағалиевтың Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді