Мемлекет басшысы Қырғызстанның 2027-2028 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын соның жарқын мысалы ретінде атады. Президент Садыр Жапаров пен барша қырғыз халқын тарихи жетістікпен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік ықпалдастықтың негізгі мәселелері былтыр Ташкентте өткен кездесуде жан-жақты талқыланғанын еске салды. Оның айтуынша, сол жиында көтерілген бастамалар, соның ішінде Консультативтік кездесулерді институционалдық тұрғыдан дамыту мәселесі әлі де өзекті.
Президент Қазақстанның қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға және мемлекеттер арасындағы достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті нығайтатын бастамаларды ілгерілетуге мүдделі екенін жеткізді.
"Бірлескен күш-жігер арқылы ортақ прогресс жолында бұдан да биік белестерді бағындыратынымызға сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға Консультативтік кездесулер аясындағы алдағы іс-шараларды өткізуге табыс тіледі.