Бұл туралы бүгін Ақорданың Telegram-арнасында тиісті кадрлар жарияланғаннан кейін белгілі болды.
Айта кетейік, Анкарадағы Президенттік кешеннің көрме орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қарсы алды. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысып жатқан делегация басшыларының ортақ суретін жариялады.
Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын әуежайда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жеке өзі қарсы алып, әуежайдың келу залында екеуі қысқаша әңгімелесті.