Президент айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екеніне тоқталып, өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті, делінген Ақорда баспасөз қызметі жариялаған жеделхат мәтінінде.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдіргені де нақтыланады.
Бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің қатысуымен екі елдің ресми делегация мүшелері 14 құжат алмасқаны хабарланған.