Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобын құрды

Фото: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы туралы" өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 23 қарашада хабарлағандай, сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Топ Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптау үшін құрылды.

Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған.

Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады.

Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамы

Сараптама тобының мүшелері:

Бұған дейін Президенттік орталықтың Президент архивіне қосылғанын хабарлаған едік. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 5 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығында айтылған.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды