Мартиросянның салмағы Головкиннен жеңіл болып шықты

Қазақстандық боксшының салмағы 160 фунт. Яғни 72 келі 500 грамм. Мартиросян сәл жеңіл екен.

Кәсіпқой бокстағы дәстүр бұл. Қарсыластар салмақ өлшеу рәсімінен кейін көз «төбелестіреді», кейде ол шын төбелеске ұласып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Астана уақыты бойынша ертең таң ата шаршы алаңға шығатын Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян сәл ғана арбасты да, негізгі мәселені рингте шешуге келіскендей болды. Ал таразыда тұрған қазақстандық боксшының салмағы 160 фунт. Яғни 72 келі 500 грамм. Мартиросян сәл жеңіл екен. Бұл жекпе-жек әлем жұртының назарын аудара қоймады. Тіпті теледидардан ақы төлеп көрушілер мүлде жоқ. Демек боксшылар сыйақысы да анау айтқандай емес. Мысалы, Головкинге шамамен бір миллион АҚШ доллары тиеді. Егер Канеломен шыққанда табысы отыз миллионға таяр еді. GGG-дің мықтылардан қашып жүруі де оның беделіне әсер етсе керек. Ванестің қалтасына 225 мың АҚШ доллары түседі.

- Оны осал деуге келмейді. Өзіндік шеберлігі бар. Біз нағыз думан ұсынамыз. Оған күмәнданбаңыздар, - деді кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: