18 жастағы Дамир Жалғасбай әлемдік рейтингте рекордтық өсім көрсетті

Дамир Жалғасбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 16:20 Сурет: Instagram/ktf.kz
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингін жаңартты. Онда қазақстандық жас теннисші Дамир Жалғасбайдың көрсеткіші айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылық талант бірден 408 сатыға көтеріліп, қазіргі таңда ATP ерлер арасындағы әлемдік рейтингінде 1119-орында тұр.

Дамир Жалғасбайдың бір ай бұрын мүлде рейтингтік ұпайы болмағанын ескерсек, бұл Қазақстан теннисшісі үшін кәсіби мансабының бастапқы кезеңіндегі өте жақсы көрсеткіш.

Мұндай өсімге Дамирдің Астанада өткен World Tennis Tour санатындағы турнирлер сериясындағы сәтті өнері себеп болды.

Бұған дейін рейтингтік ұпайы болмаған Дамир қатарынан үш халықаралық жарыста тәжірибелі қарсыластарымен тартысты ойын көрсетіп, оларды жеңіп, жекелей де, жұптық разрядта да финалға дейін жетті.

Қуатты доп беруі және алаңның кез келген нүктесінен тұрақты соққы жасауы 18 жастағы қазақстандық теннисшінің қазіргі ойын мәнерін қатарластарынан ерекшелендіреді.

Бәлкім, жақын күндері талантты спортшымызды 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жасөспірімдер арасындағы жарысынан көруіміз мүмкін. Алайда әзірге турнирге қатысушылардың тізімі жарияланған жоқ.

Ал осы аптада Қазақстан чемпионы "Қайрат" 2026 жылғы ҚПЛ-да "Ордабасыны" қуып жету жолындағы күресін бастайды. Алматылық клуб осыған байланысты өз ойын кестесіне өзгерістер енгізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: