Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінің екінші айналымына шықты

Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінің екінші айналымына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2026 11:01 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай Уимблдон-2026 жасөспірімдер арасындағы "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жастағы қазақстандықтың қарсыласы турнирдің жетінші нөмірлі ойыншысы, аустриялық Тило Берманн болды. Үш сетке созылған матчта Дамир 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 2 сағат 13 минут өткізді. Осылайша, Жалғасбай да Заңғар Нұрланұлы сияқты шөп төсенішіндегі "Үлкен дулыға" турнирінің екінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Коннор Дойгпен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: