Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирін жеңіспен бастады
Сурет: ktf.kz
18 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер арасындағы "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің сегізінші нөмірлі ойыншысы атанған қазақстандықтың алғашқы қарсыласы словакиялық Леон Слобода болды. Үш сетке созылған матчта Заңғар 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:2) есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер кортта 2 сағат 28 минут өткізді. Осылайша, Нұрланұлы шөп төсенішіндегі "Үлкен дулыға" турнирінің екінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде аустралиялық Дэниел Жовановскимен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript