Заңғар Нұрланұлы "Ролан Гаррос" турнирінің 1/8 финалына шықты

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирінің 1/8 финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 19:07 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық 17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының екінші айналымында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 8-нөмірлі ойыншысы болып тіркелген отандасымыз америкалық Агасси Рашерді (ITF жасөспірімдер рейтингінде 94-орын) екі сетте тас-талқан етті – 6:2, 6:1.

Кездесу бар-жоғы 1 сағат 6 минутқа созылды, бұл уақытта Нұрланұлы корттағы жағдайды толықтай өз бақылауында ұстады.

Осы табысының арқасында Заңғар Париждегі беделді Үлкен дулыға турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

Ол енді ширек финал жолдамасы үшін Янник Альварес (Пуэрто-Рико) – Леонардо Шторк Франка (Бразилия) текетіресінің жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: