US Open-2025: Заңғар Нұрланұлы финалға таласта жеңіліс тапты

Теннис, US Open-2025, Заңғар Нұрланұлы, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2025 09:52 Сурет: ktf.kz
17 жастағы Заңғар Нұрланұлы теннистен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының финалына бір қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістандық сортшы Заңғар Нұрланұлы өз дебютінде сенсациялық жағдайда жартылай финалға дейін жетіп, ал финалға таласта тек жасөспірімдер арасында әлемнің 1-ракеткасы, болгариялық, 16 жастағы Иван Ивановқа қана жол берді. 

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Бірінші партияда қос брейкке қол жеткізген болгариялық спортшы 6:1 есебімен басым түсті.

Екінші сетте Иванов 3:1 есебімен алға кеткенімен, Заңғар таразы басын теңестіре алды – 3:3.

Алайда ізінше өз геймін беріп қойды. Ақыры Иванов матчты жеңіспен аяқтады – 6:4.

Заңғар Нұрланұлы финалға шыға алмаса да қазақстандық жасөспірімдер арасында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің жартылай финалына дейін жеткен теннисші болып табылады. 

Бұған дейін Балауса Мұздыман бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: