Лионель Месси жетінші рет «Алтын доп» сыйлығын иеленді

Instagram/leomessi
2019 жылы «Алтын допты» соңғы рет Месси алған еді. Ал 2020 жылы бұл сыйлық коронавирустық пандемияға байланысты берілмеді.

«Пари Сен-Жермен» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2021 жылы «Алтын допты» жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Лео мансабындағы жетінші «Алтын добына» қол жеткізді. Аргентиналық футболшы 613 ұпай жинап, екінші орындағы ойыншыдан 33 ұпайға озып кетті, деп жазады Аладоп.

Дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынды «Бавария» және Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски (580 ұпай) иеленді. Үшінші орын «Челсидің» жартылай қорғаушысы Жоржиньоға (460 ұпай) бұйырды.

2019 жылы «Алтын допты» соңғы рет Месси алған еді. Ал 2020 жылы бұл сыйлық коронавирустық пандемияға байланысты берілмеді.

Бұл марапатты француз басылымы алғаш рет табыстап отыр. Ол бір күнтізбелік жылда клуб пен ұлттық құрама үшін ең көп гол соққан ойыншыға беріледі. 2021 жылы Левандовски «Бавария» мен Польша құрамасы үшін 64 гол соқты.

19 жастағы футболшы Парижде өткен салтанатты шарада Раймон Коп жүлдесіне ие болды.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді