Рыбакина Нинбодағы турнирдің жартылай финалына шыққаннан кейін пікір білдірді
Сурет: instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA-500 турнирінің ширек финалында жеңіске жеткеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz жазуынша, Рыбакина польшалық Катажина Каваны 6:1, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. Матчтан кейін ол ойын туралы пікір білдірді.
"Негізі, матчты жақсы бастадым. Бәрі ойдағыдай болды, допты ойынға қосуым да жақсы шықты. Алайда екінші сетте қарқынымды сәл бәсеңдетіп алдым", – деді ол.
Спортшы допты ойынға қосу кезінде энергиясы жетіспей қалғанын, жекелеген қателіктер жібергенін және геймдерде жеңіске жету қиынға соққанын атап өтті.
"Оған қоса, қарсыласым кей сәттерде шынымен жақсы ойнады. Сондықтан екінші сеттегі жағдай тез өзгерді. Дегенмен үшінші сетте агрессивті ойынымды сақтап, өз стиліммен ойнауды жалғастырғаныма қуаныштымын", – деді Елена Рыбакина.
Енді Рыбакина турнирдің жартылай финалында ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript