Астанадағы әлем чемпионаты: "классик" Исхар Курбаев алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
Сурет: UWW
Грек-рим күресінің шебері Исхар Курбаев елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта жапониялық Кагетора Окамотомен өзара мықтыны анықтады.
Белдесуде Исхар Курбаев 5:2 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Мерей Мәулитқанов (77 келі) мен Ибрагим Магомадов (82 келі) келесі айналымға өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript