Бокстан Астанадағы Әлем кубогы: Әнел Сақыш алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бокстан Астанадағы Әлем кубогы: Әнел Сақыш алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 20:00 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Сақыш Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде германиялық Татьяна Обермайермен жұдырықтасты. 

Нәтижесінде Әнел Сақыш үш мәрте қарсыласын нокдаунға жіберіп, жекпе-жектің қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.

Еске салайық, бұған дейін Назым Қызайбай бокстан Астанадағы Әлем кубогының кезеңін жеңіспен бастағанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: